Америкадағы
Балтимор штатына губернаторға бағынатын мың жарымға жуық ұлттық гвардия әскері
кіргізілді. Олар бүлік шығарушылар мен тонаушыларға қарсы тұрмақ. Бұл туралы
CNN жазады. Бүгінде Балтимор билігі көршілес штаттардан қосымша көмек ретінде 5
мың полиция офицерін жіберуді сұраған.
Бұдан бұрын Балтимордағы қақтығыстардан
15 құқық қорғаушының зардап шеккені мәлемденген. Наразылық білдірушілер полицейлердің
бірнеше көлігін төңкерген, кейіннен дүкендерге шабуыл жасап, сауда орталықтарын
тонаған. Қазіргі таңда қалада төтенше жағдай жарияланды.
Еске салсақ, 12
сәуірде полиция қызметкерлері 25 жастағы қара нәсілді азамат Фредди Грейді
ұстау кезінде омыртқасын жаралап, ол көп ұзамай қайтыс болған. Жерлеу рәсімінен
кейін Балтимор көшелерінде жаппай тәртіпсіздіктер басталып, әлі де толастамай
жатыр.
Жұрағат БАМАН