Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Асқар Жұмағалиев «Қазатомпром» ұлттық компаниясын басқарады

AstanaTV
06.05.2015ж. 20:00
1027
Асқар Жұмағалиев «Қазатомпром» ұлттық компаниясын басқарады

Асқар Жұмағалиев «Қазатомпром» ұлттық компаниясын басқаратын болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабар таратуда. «Қазатомпромға» бұған дейін төрағалық еткен Нұрлан Қаппаров наурыз айында Қытайда көз жұмған еді. Ол ұлттық компанияны бір жылға жуық басқарған.

43 жастағы Асқар Жұмағалиев бұған дейін Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, «Қазақтелеком» АҚ президенті, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі қызметтерін атқарды. Өткен жылдың тамызынан бері Инвестициялар және даму вице-министрі қызметінде болды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА