$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Рио-де-Жанейрода мұғалімдердің наразылық акциясы құқық қорғаушылармен қақтығысқа ұласты

AstanaTV
29.04.2015ж. 10:00
Рио-де-Жанейрода мұғалімдердің наразылық акциясы құқық қорғаушылармен қақтығысқа ұласты

Рио-де-Жанейродағы мұғалімдердің наразылық акциясы құқық қорғаушылармен қақтығысқа ұласты. Мың жарымға жуық адам  шеру ұйымдастырып, елдің заң шығарушы жиындары өтетін ғимарат алдына келді. Дәл осы кезде онда зейнетақы реформасы туралы заң талқыланып жатқан. Жергілікті ұстаздардың наразылық шарасы бірнеше күн бойы жалғасуда. Олар жалақының өсуін де талап етуде. Полиция наразылық танытушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолдануда. Бразилиялық  ақпарат құралдарының мәліметінше, құқық қорғаушылардың қолынан бірнеше адам зардап шеккен. Айта кетейік, зейнетақы туралы заң жобасына қатысты дауыс беру бұл елде бүгін өтеді.

Жұрағат БАМАН