$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Ресеймен шекаралас аймақтарда Қазақстан Халқы Ассамблеясының мәдени орталықтары ашылады

AstanaTV
29.04.2015ж. 10:00
1288
Ресеймен шекаралас аймақтарда Қазақстан Халқы Ассамблеясының мәдени орталықтары ашылады

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас орналасқан Алтай өлкесінде,сондай ақ, Томск және Омбы қалаларында еліміздің мәдени орталықтары ашылады. Аталған орталықтар Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі жанында жұмыс істеген болатын. Бұл туралы Өскемен қаласында өткен «Бір шаңырақ астында» атты форум барысында айтылды. Алғашқы орталық Барнауыл өлкелік университетінде ашылған. Мұнда келушілер Қазақстан халқының мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен, қол өнер және ұлттық тағамдарымен таныса алады.

Сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерей тойына орай Өскеменде Ресей, Белоруссия, Армения, Түркия және басқа да елдердің қатысумен халықаралық жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Олег Чернышов, ШҚО Талдау және болжау институтының директоры:

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жасап отырған жұмыс өте маңызды. Ол татулық пен бірліктің бірегей институты. Ашылғалы отырған орталықтар қазақ халқының болмысын, тірлігін барша қауымға паш етеді. Мәселен, Абай өте белгілі тұлға, оның туындыларын барша әлем таниды.

Жұрағат БАМАН