Непал
билігі елде үш күндік қаралы күн жариялады. Сенбі күні орын алған жойқын жер
сілкінісі құрбандарының саны 5 мың адамнан асып кеткен. Елдің премьер-министрі
Сушил Койрала билік қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын мәлімдеді.
Қазіргі
таңда құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты алыс таулы аймақтарға
жете алмай отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, табиғи апаттан 8
миллионға жуық адам зардап шеккен. Бұл мемлекет халқының төрттен бір бөлігі. Ал
жер сілкінісі орын алған аймақта дүмпулер әлі де жалғасуда. Осыған байланысты
зардап шеккендерге көмек көрсету қиынға соғып тұр. Құтқарушылар бұл аймақтарға
қажетті дәрі-дәрмектер мен шатырларды тікұшақпен жеткізуге кірісті.
Жұрағат
БАМАН