Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда макулатура қабылдау бекеттері, алғашқы екі аптада тоннадан астам қағаз жинаған

AstanaTV
08.05.2015ж. 10:00
3838
Алматыда макулатура қабылдау бекеттері, алғашқы екі аптада тоннадан астам қағаз жинаған

Алматыда макулатура қабылдау бекеттері, екі аптада тоннадан астам қағаз жинады. Игі шараның іске қосылуына «Қазақстан қағазы» компаниясының ұсынысы себеп болған. Жыл сайын компания 50 мың тонна макулатура жинап, өңдейді. Нәтижесінде 47 мың тонна қағаз әзірлейді. Осылайша, жылына 500 мың жасыл желектің кесілуіне тосқауыл болудамыз дейді қағаз қабылдау бекетіндегілер. Олар  күн сайын керексіз журналдар мен газеттерді тапсыруға оншақты тұрғынның келетінін айтады.  Ал, ірі фирмалар қораптар мен картон қағаздар әкеледі екен. Дүңгіршектегілер целлофан, тетра-пакет және пластик құтыларды да қабылдайды. Шикізаттың бір келісі үшін, 3 теңгеден 15 теңгеге дейін ақы төленеді. Бүгінде Алматыда қағаз қабылдайтын бес бекет жұмыс істеп тұр. Болашақта олардың саны 25-ке дейін жетуі мүмкін.

Илья Коляда, Алматы қаласының тұрғыны:

Меніңше, бұл керексіз қағаздардан құтылудың жағымды тәсілі.  Бастысы, ол тағы біреудің қажетіне жарауы мүмкін. Сондай-ақ, азын-аулақ ақша да төленеді. Әсіресе, экологияға пайдалы. Қайта өңдеп, басқа қажеттіліктерге қолданылады. Осылайша біз қоршаған ортаны сақтаймыз.

Әсем МҰХИТОВА