Белоруссияда
Жеңістің жетпіс жылдығына орай рақымшылық жарияланатын болды. Бұл жайында БЕЛТА
агенттігі хабарлайды. Ел президенті Александр Лукашенко тиісті заң жобасын
өкілдер палатасына жолдады. Жаңа заң мақұлданса, ауыр қылмыс жасамаған
сотталғандар бостандыққа шығады. Алдымен, бұл тізімге кәмелеттік жасқа
толмағандар мен әйелдер, жүкті әйелдер, сондай-ақ онкологиялық ауруға
шалдыққандар, мүгедектер мен ардагерлер кіреді. Айта кеткен жөн, мемлекетке
орасан шығын келтіріп, оны өтемегендер және ауыр қылмысты арқалаған адамдар
темір тордан құтыла алмайды. Рахымшылық шарасы аясында 8,6 мың жазасын өтеуші
бостандыққа шығады деген болжам жасалып отыр.
Абзал ҚҰРМАНКИН