$492.22 €529.38 ₽5.03
×

ҚР СІМ: Кабулдағы содырлар шабуылынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматшасы бар

AstanaTV
14.05.2015ж. 20:00
982
ҚР СІМ: Кабулдағы содырлар шабуылынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматшасы бар

Кабул қонақ үйлерінің бірінде болған қанды оқиға құрбандарының арасында Қазақстан азаматшасы бар. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.

1987 жылы туған Айгерім Абдуллаева Ауғанстан Индустрия министрлігінде шет елдік кеңесші болып қызмет ететін жолдасы Италия азаматымен қайғылы оқиға күні Кабулде болған. 13 мамырда шет елдіктер үшін ұйымдастырылған концерттен кейін жанкешті лаңкестер қонақ үйдің қарауылын өлтіріп, ғимаратқа басып кірген. Полиция мен террористердің арасында 7 сағатқа ұласқан қақтығыстың нәтижесінде лаңкестердің көзі толық жойылды. Алайда террористер қолынан біздің отандасымызбен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Үндістан азаматтары және ауғандықтар да қаза тапты.

Еліміздің сыртқы ведомствосы марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, Кабулдегі Қазақстан елшілігі Айгерім Абдуллаеваның денесін елге жеткізу үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарып жатқанын хабарлады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ