«Нұр Отан» партиясы журналистерге арналған
дәстүрлі «Нұр сұңқар» байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл тұңғыш
рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын көтерген
БАҚ қызметкерлері марапатталады. Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталмақ.
Байқауға қатысу үшін 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 11 маусымына дейін
жарияланған немесе эфирге шыққан материалдарды 12 маусымға дейін тапсыру керек.
Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. Байқау Ережесімен
www.nurotan.kz сайтында танысуға болады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ