$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада Орталық Азия елдерінің ядролық медицина бойынша алғашқы форумы жұмысын бастады

AstanaTV
12.05.2015ж. 13:00
2292
Астанада Орталық Азия елдерінің  ядролық медицина бойынша алғашқы форумы жұмысын бастады

Ядролық медицина орталығын әрбір облыста ашу керек. Астанада басталған Орталық Азия елдерінің ядролық медицина бойынша алғашқы форумында радиобиология және радиациялық қорғау институтының бөлім бастығы Дүйсебай Жаңабаев осылай деді. Егер ядролық медицинаның озық үлгідегі технологиялары әр аймақта тұрса, кез-келген ауруды, әсіресе онкологиялық ісіктерді алғашқы сатысынан анықтау мүмкіндігі артар еді дейді маман. Алғашқы форумға көптеген елдердің бірінші дәрежелі дәрігерлері жиналды. Форум ядролық медицинаны дамытуға жол аша түспек. Қазақстан үшін ядролық медицинаны дамыту өте маңызды екенін айтады сала мамандары. Өйткені елімізде қатерлі ісік ауруларына шалдығушылар саны азамай отыр. Ал ядролық орталық ел бойынша біреу ғана - Астана қаласында.

Дүйсебай Жаңабаев, Радиобиология және радиациялық қорғау институты, Радиациялық эпидемиология және гигиена бөлімінің бастығы:

Қазақстан бойынша әрбір обыста болу керек мұндай мед центрлер, орталықтар. Ядролық медицина деген олардың анықтау мүмкіндігі, қабілеті кешегі күннен жоғары екенін білеміз. Әрбір ядролық медицинаға жұмсаған 1 доллар жалпы денсаулық ісіне жұмсалатын 3 долларға дейін айырбастай алады. Экономикалық тиімділігі осындай.

Елімізде қатерлі дертті алғашқы сатысынан анықтап, аурудың алдын алу көрсеткіші төмен екенін дәрігерлердің өздері мойындайды. Қолда бар мәліметеріне сүйенген Дүйсебай Жаңабаев Қазақстан халқының 39 пайызы Кореяға барып диагноз қойғызатынын айтты. Сондай техологияны елде орнатып, ауруды бірінші сатасынан анықтауға мүмкіндік беретін ядролық медицинаны дамытсақ, науқастар шетелге ағылмас еді деген пікірде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ