Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Адем» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккендер өтемақысыз қалуы мүмкін

AstanaTV
13.05.2015ж. 20:00
1003
«Адем» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккендер өтемақысыз қалуы мүмкін

Алматыда жақында отқа оранған «Адем» сауда орталығының саудагерлері өтемақы үшін алаңдаулы. Себебі үш апта өтсе де, сауда үйінің неден өртенгені әлі анықталмай отыр. Тиісінше, шығынға батқан кәсіпкерлер де өтемақының көлемін әлі біле алмай дал. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, «Адем» сауда орталығындағы өрттен 2 мыңға жуық адам материалдық зардап шеккен. Олар қазір тергеу орындары мен төтенше жағдай қызметінің ресми мәлімдемесін күтіп жүр. Тіпті сотқа беріп, істі заң жолымен шешу де мүмкін болмай отыр, - дейді бастамашыл топ өкілдері.

Сергей Уткин, заңгер:

Сауда орнының әкімшілігі саудагерлердің шығынын өндіріп беруге құлықсыз. Ал тергеу орындары істі әділ тергейді деген сенім де сейіле бастады. Тек «жалғыз, жаяу» жүрген біреуді кінәлі етіп шығарса, кәсіпкерлер олардан қандай өтемақы алуы мүмкін? Сондықтан қазір шығынға батқан саудагерлер осыдан қауіптеніп отыр. Арада үш апта уақыт өтті. Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.

Кейбір саудагерлерге сауда үйінің әкімшілігі көршілес орналасқан ғимараттан орын беруге уәде беріпті. Алайды ұсынылған сауда нүктелеріне кәсіпкерлер арасында өзара талас туындап, бұл мәселе де оң шешімін таппаған.

Юлия Кишмерешкина, кәсіпкер:

Әкімшілік жаңа ғимарат құрлысы аяқталғанша, екінші «Адемнен» уақытша тегін орын беруге уәде берген. Алайда біз ол жерге келгенде алты шаршы метр жерге сегіз адамнан келдік. Мұндай жағдайда қалай жұмыс істеуге болады? 

Жақында құрылған бастамашыл топ тергеу барысына қоғамдық қадағалау орнатпақ. Айта кетейік, қаладағы ең ірі сауда орындарының бірі - "Адемде" 26 сәуірде өрт болған еді. Салдарынан аумағы 25 мың шаршы метр сауда алаңы тұтастай өртеніп кетті. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ