$451.71 €491.64 ₽5.86
×

АШМ: Қостанай облысында қырылған киіктер саны мыңнан асты

AstanaTV
13.05.2015ж. 20:00
877
АШМ: Қостанай облысында қырылған киіктер саны мыңнан асты

Қостанай облысында қырылған киіктер саны мыңнан асты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады. Дала жануарларының жаппай қырылуына не себеп болғаны жайлы алдын ала мәлімет қана бар.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Қыстың ұзақтығынан ағзасы әлсіреген жануарлардың инфекциялық ауруларға бейімделгіш болып келетін белгілі, төлдеу кезі басталғаны тағы бар. Осының барлығы қосылып, пастереллезге шалдығуы мүмкін деп отырмыз. Комиссия құрылып, бүгін Қостанай өңіріне аттанып кетті.

Бұдан алдын хабарлағанымыздай, Қостанай облысының Амангелді ауданында 11 мамырда 117 киіктің өлексесі табылған. Арада бірер күн өткенде, олардың саны 1000 бастан асып отыр. АШ вице министрі, киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша облыс әкімдігі мен құзырлы  министрлікте штабтар құрылғанын, хабарлады. Олар оқиғаның себеп-салдарын анықтау үстінде.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, мамандар су, топырақ және биологиялық материалдардан сынамалар алуды бастаған. Киіктердің қырылу фактісінің нақты себебін анықтау үшін, мерт болған жануарлардан материалдар алынып, республикалық ветеринарлық зертханаға жолданды.

Айта кетейік, киіктердің жаппай қырылу фактісі аймақтағы Жәнібек ауданында соңғы рет 2012 жылы тіркелген. Ол кезде 926 киік пастереллез ауруынан мерт болды. Вице-министрдің дерегіне сүйенсек, 2014 жылы Қазақстанда киіктер саны шамамен 256 мың 700 басқа жеткен. Киіктерді қорғау және өсіру  шараларының арқасында соңғы 10 жылда олардың саны 12 есеге артып еді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах