$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жеңіс мерекесіне айналған автожорық Оралда аяқталды

AstanaTV
14.05.2015ж. 10:00
880
Жеңіс мерекесіне айналған автожорық Оралда аяқталды

Оралда Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына арналған автожорық аяқталды. Шараға қатысушылар сегіз күн жүріп, қазақстандықтар ерлікпен қорғаған Ресейдің Псков облысына дейін барып қайтты.

Басқыншылармен болған шайқаста Невель қаласын қазақтың 100-ші ұлттық дивизиясы ерлікпен қорғап қалғанын, бүгінгі ұрпақ тарихтан біледі. Әсіресе Мәншүк Мәметованың ерлігі ерен. Батыр қызға құрмет көрсеткен Невель қаласының тұрғындары 1978- жылы Мәншүкке ескерткіш орнатқан. Кейін мектеп пен шаһар көшелерінің бірін қаһарман қыздың есімімен атаған. Бүгінде бұл өңірде жетпіске жуық бауырластар бейіті бар екен. Батыр қыздың басына гүл шоқтарын қойған қазақстандықтар шаһардың басты көшелерімен салтанатпен жүріп өтіп, Мәншүктің бейітінен алынған бір уыс топырақты туған жеріне жеткізді.

Ерсұлтан Тулаған, Автожорыққа қатысушы:

Невель қаласының тұрғындары өте қонақжай адамдар екен. Қайсысынан сұрамасаң да, Мәншүк Мәметова туралы бәрі біледі. Мәншүк Мәметова туралы көп нәрсені білмейтін едім, енді білетін боламын, бәрін де білем. Қасымдағы құрдастарыма айтып, осылай, біз үшін біздің болашағымыз үшін соғысқан Мәншүк апамыз.

Еркін КАРИН