Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

AstanaTV
25.05.2015ж. 20:00
1547
Еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Республика бойынша мектеп бітіруші түлектер саны - 124 379 оқушы. Оның 87 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірген. Бұл жалпы түлектердің 71 пайызы.

Айта кетерлігі, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге алғаш рет 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқыған оқушылар қатысады. Оларға сынақ сұрақтары 12 жылдық білім беру бағдарламасының базасы негізінде құрылды. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астана қаласындағы 64-ші мектепте өткен салтанатқа  қатысып, барша түлектерге ақ жол тіледі. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Толық дайындығымыз бар. Мемлекетімізде жастар үшін барлық мүмкіндік бар, жыл сайын 35 мыңнан астам грант бөлеміз. Сол арқылы жас түлектер жоғарғы оқу орындарына барып оқуларын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Аслан Сәрінжіпов Ұлттық бірыңғай тестке енгізілген өзгерістер туралы да айтып кетті. Биылдан бастап түлектің аттестатына баға «орташа арифметикалық есептеу» бойынша қойылады. Яғни оқушы 11 сыныпқа дейін үздік оқып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алып қалса, онда аттестатына төмен баға емес, орташа баға қойылады. Министр сынақ тапсыру пункттерінің артқанын да хабарлады. Биыл тест 165 орталықта өтеді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ