Үкіметтік субсидияның
қысқартылуы, Иранда жанармайдың 40 пайызға қымбаттауына әкелді. Бұл туралы
Ислам Республикасының ақпарат агенттігі хабарлайды. Жаңа тарифтер 26-мамырдан бастап күшіне
енеді. Былтырғы өсім жергілікті халықтың наразылығына тап болған. ОПЕК-ке мүше
Иран тәулігіне 70 миллион литр сұйық отын тұтынады. Ал 2007 жылы жанар-жағармай
бағасының көтерілу жаппай тәртіпсіздікке ұласып, бекеттер талқандалған. Ол
кезде 10 адам қамауға алынған болатын.
Мөлдір ДЮСЕКИНА