Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Е.Ыдырысов: Сирия оппозициясының Астанада жүріп жатқан келіссөздері әзірге сәтті өтіп жатыр

AstanaTV
26.05.2015ж. 13:00
1169
Е.Ыдырысов: Сирия оппозициясының Астанада жүріп жатқан келіссөздері әзірге сәтті өтіп жатыр

Сирия оппозициясының Астанада бас қосқан өкілдері келіссөздің бірінші күнін сындарлы өткізді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Елордада өтіп жатқан Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның бұқаралық ақпарат құралдарына арналған халықаралық семинары барысында журналистерге берген сұхбатында айтты. Министр келіссөздер ертеңге дейін жалғасатынын хабарлады. Ерлан Ыдырысов, сонымен қатар Қазақстанның Сирияға арналған гуманитарлық көмегін тоқтатпайтынын мәлімдеді. Бүгінде Иордания мен Ливанға қашқан сириялық босқындарға көмек ретінде аталған екі елге 200 мың доллардан көмек жіберілген. Айта кетейік, кеше Сыртқы істер министрлігі Астанада Сирия дағдарысы бойынша келіссөздің басталғанын мәлімдеген.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Келіссөздерге 30-дан астам адам қатысып жатыр. Олар әр түрлі топтардан. Бұл біздің келіссөз емес, сириялықтардың өзара келіссөзі. Біздің міндет, олардың қарым-қатынасына оңтайлы жағдай жасау. Бүгін екінші күн. Кешегі күні қос тарап, іскерлік пен конструктивті көзқарасын байқатты. Ал ертең соңғы үшінші күн. Келіссөздер аяқталғанда, қатысушылары тілшілерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, бәрін айтып береді. Мен де жеке баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, келіссөз жүргізудегі Қазақстанның көзқарасын білдіремін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ