Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

М.Молдабеков: Киіктердің қырылуына «Протонның» тікелей әсері болмауы мүмкін

AstanaTV
26.05.2015ж. 13:00
899
М.Молдабеков: Киіктердің қырылуына «Протонның» тікелей әсері болмауы мүмкін

Киіктердің қырылуына «Протондардың» тікелей әсері жоқ. Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков бүгін журналистрге осылай деп мәлімдеді.

Мейірбек Молдабеков, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары:

Киіктердің қынадай қырылуы экологиялық жағдаймен және ғарыш айлағымен байланысты болуы мүмкін. Бірақ, апат аймағын алып қарасақ, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарын қамтиды. Ол өңірлер Байқоңырдан алыста орналасқан. Сондықтан біз екі мәселенің бір-біріне тікелей әсері жоқ деп есептейміз. Бірақ зерттеу жүргіземіз.

Мөлдір ДЮСЕКИНА