$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ақтөбе облысындағы киіктер анаэробты энтеротоксимия ауруынан қырылған

AstanaTV
28.05.2015ж. 20:00
1281
Ақтөбе облысындағы киіктер анаэробты энтеротоксимия ауруынан қырылған

Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында киіктердің жаппай қырылу себептерін үкіметтік комиссия анықтайды. Бұл жайында Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін мамандар Қостанай облысында қырылған киіктер пастереллез инфекциялық ауруының құрбаны деген. Ал республикалық ветеринариялық зертхананың Ақтөбе облысы филиалындағылар, түз тағылары «анаэробты энтеротоксемиядан», яғни «улы шөптен» қырылды, деген болжамнан таймай отыр. 


Бүгінде шөп пен жануарлардың өлекселерінен алынған ондаған сынама нәтижесі белгілі болған. Биылғы көктемдегі нөсер жауындардан кейін шүйгін шыққан шөптің құрамында улы микроағзалар ұлғайған. Отқа бас салған ақбөкендердің қырылуына сол себеп болды деген ойда ақтөбелік мамандар. Айта кетейік, он екінші мамырдан бері Қазақстанның үш облысында қырылған киіктер саны 121 мыңнан асты.

Сафиулла Зарманов, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Ақтөбе облысындағы бөлімнің бастығы:

Тексергеннің нәтижесі жаңағыдай энтеротоксемия ауруы болып шықты. Бұл аурудан бүкіл мал ауырады. Қан арқылы басқа нелерге, бауыр болсын, бүйрек болсын, ащы ішекке зақым келтіреді. Токсин. Содан мал өледі. Қазір тоқтады. Мына жаңбыр тоқтаған соң, ауру да тоқтады.

Мансұр ЕСҚОЖИН