Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Петропавл мен Омск ынтымақтастықты нығайтпақ

AstanaTV
28.05.2015ж. 10:00
802
Петропавл мен Омск ынтымақтастықты нығайтпақ

Мемлекетаралық агроөнеркәсіптік кластер құру жайы, Солтүстік Қазақстан облысына ресми сапармен келген Омбы делегациямен кездесуде сөз болды. Бастаманы Ресейдің шекарлық аймағы губернаторы Виктор Назаров көтерді. Ол «Қызылжар мен Омбы өңірлері астықты өлке, сондықтан бұл аймақтарда сапалы ауыл шаруашылығы техникасын шығару керек», -дейді. Солтүстік Қазақстан облысының басшысы, агроөнеркәсіптік кластерін ЕЭО аясында құруға болатынын айтты.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Қазір біз Солтүстік Қазақстан облысында мықты ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздеп отырмыз. Кейін оны барлығына сату керек. Экономикалық одақ аясында екі елдің заңнамалары да ұқсас болып келеді. Бұл біздің болашақтағы ортақ кластерімізге негіз болмақ. Мен, екі елдің қарқынды дамуында кластердің сүбелі үлесі боларына сенемін.

Абзал ҚҰРМАНКИН