$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Әмір Исмағұлов: Диас Қадырбаевтың жазасы жеңілдетілуі мүмкін

AstanaTV
28.05.2015ж. 20:00
1158
Әмір Исмағұлов: Диас Қадырбаевтың жазасы жеңілдетілуі мүмкін

«Бостон» терактісіне қатысты дәлел-айғақтарды жасырды деген айппен Америкада қамауға алынған қазақстандық студент Диас Қадырбаевтың жазасы жеңілдетілуі мүмкін. Мұндай пікірімен біздің арнамызбен атышулы істің тағы бір фигуранты - Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов бөлісті. Бүгін прокурорлар судьядан Қадырбаевты 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны мәлім. Мемлекеттік айыптаушылардың бұған дейінгі өтініштерін 25 жылдан 7 жылға дейін шегеруін Әмір Исмағұлов отандасымыздың тергеуге ықпалдасуының нәтижесі дейді. Оның сөзінше, отандасымызға осы мерзімнен артық берілмеуі тиіс. Сондай-ақ, судья Қадырбаевтың қамаудағы үлгілі тәртібін жазаны жеңілдету факторы ретінде ескеруі мүмкін.

Диас 2014 жылдың тамызында сотты жалған ізге салғанын мойындап қойған-ды. Отандасымыздың тағдыры төртінші маусым күні шешіледі. Ал Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот үкімі араға бір күн салып, бесінші маусымда кесіледі. Қазақстандық студенттердің жақындары, балаларының кінәлары дәлелденбегенін айтып, ақталып шығарына сенеді.

Еске салайық, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан 3 адам көз жұмып, 250-ден астамы жарақаттанды. 

Әмір Исмағұлов, А.Тәжаяқовтың әкесі:

Өткен жылы мүлдем кінәсіз Азаматты айыпты деп таныған кезде, Диастың адвокаты мен атан-анасы 7 жылға келісім берген болатын. Судья үкім кесер кезде жазаны жеңілдететін барлық жәйттарды ескереді деп сенемін. 7 жыл ең жоғары жаза, одан артық болуы мүмкін емес. Диастың қамаудағы үлгілі тәртібі мен жеке қасиеттері ескерілуі тиіс.