Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Сирия оппозициясы Астана декларациясына қол қойды

AstanaTV
28.05.2015ж. 20:00
827
Сирия оппозициясы Астана декларациясына қол қойды

Қазақстанда келіссөзді аяқтаған Сирия оппозициясы өкілдері Астана декларациясына қол қойды. Бұл туралы жиын қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында күрд қозғалысының өкілі Наби Сарбас мәлімдеді. Оның айтуынша, Сирия оппозициясы алғаш рет бірнеше мәселе бойынша ортақ мәмілеге келе алған. Тараптар қарулы қақтығыстардың нәтиже бермейтінін және келіссөздер алаңына жиналу керектігіне тағы бір мәрте көз жеткізген.

Наби Сарбаст, Сириядағы Күрд қозғаласының өкілі:

Астана декларациясы бірнеше қағидаттан тұрады. Біз бір құжат бойынша өзара келісіп, оған қол қойып отырғанымыз - бұрын соңды болмаған жайт. Яғни Сирия мәселесін шешуде белгілі бір қағидаттар шығара алдық. Менің ойымша, Астанада өткен бұл кездесу өзге кездесулер сияқты өте маңызды. Біз алғаш рет ортақ қағидаттар бойынша бір пәтуаға келдік. Сирия болашағы үшін қалыптасқан жағдайдан шығудың ең тиімді деген жолдарын қарастыра алдық.

Сирия тарапы қазақ қонақжайлылығына тәнті болып, Астананың келіссөздерді жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтті. Келесі кездесулерді де Қазақстан астанасында жалғастыруға ынталы. Ал Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астана Сириядағы жағдайды реттеу мақсатында тағы бір келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Еске салайық, Сирия оппозициясының келіссөзі Астанада 25 мен 27 мамыр аралығында өтті. Қазақ билігі Елордада өткен келіссөздер Сириядағы саяси-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға септігін тигізеді деген үмітте.

Ерлан Ыдырысов, ҚР сыртқы істер министрі:

Мұны алдағы ахуал барысы аңғартады. Бұл ең алдымен Сирия күштерінің құзырындағы жағдай. Яғни олар келіссөздерді жалғастыруға ниет білдірсе, Астанада екінші кездесу өткізуге Қазақстан ашық. Біз мейірімділікті қолдайтын елміз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ