$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жыл басынан бері Астанада 5 адам суға батып кетті

AstanaTV
29.05.2015ж. 10:00
1340
Жыл басынан бері Астанада 5 адам суға батып кетті

Астанада шомылу мерзімі басталмағанына қарамастан жыл басынан бері 5 адам суға батып кетті. Олардың үшеуі ересек, тағы екеуі бала. Бұл туралы жергілікті №2 Құтқару станциясының жетекшісі Еспол Оспанов хабарлады. Айтуынша, жыл сайын қаладағы су айдындарында 14-25 адамға дейін көз жұмады. Олардың үштен бір бөлігі жасөспрімдер. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі мас күйде шомылудың, судағы өзін-өзі ұстау ережелерін білмеу және сақтанбаудың салдарынан орын алады. Сондай-ақ, тұрғындардың шомылуға арналмаған жерлерде суға түсуі де себеп. «Қазіргі таңда судың үстіңгі қабаты ғана жылынған, қауіпсіз шомылу үшін су температурасы + 18 градусқа дейін жылынуы болу керек» - дейді құтқарушылар. Айта кетейік, жалпы шомылу кезеңі 1 маусымда басталады. Осы маусымда суда құтқару бөлімшелерінің 2 құтқару станциясы мен 40-қа жуық сүңгуірлер қызмет етеді.

Еспол Оспанов, Астана қаласы ТЖД №2 Құтқару станциясының жетекшісі:

Негізі бірінші маусымнан басталады суға түсу кезеңі. Адамдарға айта кететініміз, жағажайларда, мына құтқарушылар бар жерде суға түскен дұрыс. Көзге көрінетін жерлерде. Ал білмейтін карьер, қолдан жасалған жерлерде суға түседі. Көбінесе осы жағдайлардан болып суға кетеді. Осы жылдың басынан 8-9 мамыр аралығында бес адам суға кетті.

Жұрағат БАМАН