Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шерлі шежіре аманаты

AstanaTV
29.05.2015ж. 20:00
1561
Шерлі шежіре аманаты

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Оралда да еске алды. Ақжайық өңіріндегі қаралы жиын республикалық «Тарихи тағылым - өткенге тағзым» жобасы аясында қолға алыныпты. 30-шы жылдар - қазақ халқы басына түскен нәубет кезең. Ашаршылықтан кейін ұлттың бас көтерер азаматтары жаппай қудалауға ұшыраған. Қазақтар қырғынға ұшыраса да, аузындағысын осында күштеп көшірілген миллиондаған кірмелермен бірге бөлісе білді. Түгін тартсаң, майы шығар шұрайлы мекен адам төзгісіз азап лагерьлеріне айналды. «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішінің басында өзге ұлт өкілдері сол қиын кезеңді еске алып, тарихтан сыр шертті.

Зелимхан Зубариев, Атырау облысындағы чешен-ингуш қоғамдық ұйымының төрағасы:

Сталиннің репрессиясын бәріміз білеміз. Оның бәрі біздің ағайындарды, әке, бабаларды, аналарды ұмытуға болмайды. Осы елімізде тыныштық болсын, аспанымыз ашық болсын!

Еске алу шарасынан кейін «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форум басталды. Осы алқалы жиында сөз алғандар жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру керектігіне тоқталды. Өйткені бір ел, бір ұлт болып ұйысу үшін, осы бағыттағы жұмыстарды пысықтап алған абзал деген ой айтылды.

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:

Бұл ұлттық қана трагедия емес, бұл сол уақыттағы елдің басына түскен трагедия екен. Ассамблеяның мақсаты - осыны бүкіл жаңағы Қазақстанның халқы бір деңгейде түсіне білсе екен, әрине, біреуі қабылдап, біреуі қабылдамауы, ол бөлек нәрсе. Демократия - бұл адам құқы. Дегенмен, адамдардың көпшілігі, 95-99 пайызы, осыны бірдей қабылдаса екен. Жаңағыдай бір мәселеге, бір тарихқа екі түрлі көзқарас болмаса екен.

Еркін КАРИН