Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

1930 жылдардағы ашаршылықтан 3 миллион қазақ қаза тапты

AstanaTV
29.05.2015ж. 20:00
4430
1930 жылдардағы ашаршылықтан 3 миллион қазақ қаза тапты

30-шы жылдардағы ашаршылық нәубетінен 3 миллионнан астам қазақ қаза тапты. Бұл санды  бүгін Астанада өткен конференцияда тарихшылар келтірді. Конференция Қазақстанның зұлматты жылдардағы тарихына және ашаршылық мәселесіне арналды. Оның жұмысына Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер қатысты.

Жиын барысында репрессия және ашаршылық жылдары ел тағдырына қаншалықты нұқсан келтірілгені туралы айтылды. Тіпті кейбір баяндамышылар бейбіт күні болған жаппай аштықты қазақ халқына жасалған геноцид деп бағалады. Сұрапыл жылдары 60 мың зиялы қауым өкілдері атылыпты. Большевиктердің қисынға келмейтін қисық саясатының арты осындай апатқа әкеп соқтырды, - дейді профессор Ғарифолла Есім. Елімізде 1997 жылдан бері 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Ғарифолла Есім, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор:

Бұл аштық деген халқымыздың басындағы үлкен ауыр тағдыры, аштық туралы айтуымыз керек, білуіміз керек, шындықты айтуымыз керек. Осы аштық неге болды? Соғыс болған жоқ, бейбітшілік күндерде 3 миллионнан астам адам қырылып қалды. Ең бірінші қазақтың интеллигенциясы, одан кейін байлары қырылды, одан кейін халық қырылды. Өйткені елді басқарып отыратын адам қалмады. Бұл өте ауыр жағдай. Бұны неге айтып отырмыз? Болашақта осындай жағдай болмауы тиіс. Біз осыдан сабақ алуымыз қажет. 

Берік ХАСЕНОВ