$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Құранды түгел жатқа білетін 14 жастағы жасөспірім көлік ұтып алды

AstanaTV
29.05.2015ж. 20:00
2296
Құранды түгел жатқа білетін 14 жастағы жасөспірім көлік ұтып алды

Алматыда Құранды жатқа білетін жасөспірім қари автокөлік ұтып алды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған 6-шы республикалық Құран жарысы екі күнге созылған еді. Шараға 32 үміткер қатысты. Олардың арасынан 5 қари Құран-Кәрімді жатқа әрі мәнерлеп айту бойынша ерекшеленді. Бас жүлде мен алғашқы екі орынға шетелдік автокөліктер берілді. Тағы екі жеңімпазды Меккеге қажылыққа тегін жіберетін болды.

Дін жанашырлары мен демеушілер тағайындаған бас жүлде Жамбыл облысынан келген 14 жастағы Дулат Қалығұловқа бұйырды. Кішкентайынан Ислам дінінің шариғаттарымен сусындаған мектеп оқушысы 30 жасқа дейінгі жастар арасында құранды толық жатқа білетін мұсылман танылды.

Серікбай Ораз, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфти:

Бір айға созылған  іріктеу сындарында облыстарда,  өңірлерде 300-ге тарта Құран қариларымыздың ішінен іріктелген азаматтар келіп қатысты. Негізгі қойылған талаптар -Қасиетті құран кәрімді жатқа оқу, Құран оқу ережесін жетік білуі, дауысы, мақамы. Демек Құранды қырағаттап, әуенімен, талаптарына сәйкес оқылуы бойынша байқау өтілді.

Сондай-ақ Алматыда осы күндері 200-ге жуық имам Ислам қайта жетілдіру институтының дипломдарына ие болды. Ауыл молдалары шалғай елді мекендерден келіп, екі ай бойы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдарға алғыс білдіріп, ресми құжаттарды өз қолымен табыстады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ