Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде тәртіп пен тазалықты қадағалау үшін орнатылған бейнекамералар істен шыққан

AstanaTV
01.06.2015ж. 10:00
1782
  Ақтөбеде тәртіп пен тазалықты қадағалау үшін орнатылған бейнекамералар істен шыққан

Ақтөбеде көше қиылыстарына орнатылған бейнекамералар түгел істен шыққан. Ақтөбелік прокурорлар жергілікті билік орнатқан 80 бақылау құрылғысының бірде біреуі жұмыс істеймейтінін анықтапты. Осыдан 3 жыл бұрын орнатылған бейнекамералар қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тиесілі. Бейнебақылау камералары көшелер мен тұрмыстық қалдық жәшіктері алаңын бақылау үшін орнатылған. Бастапқыда полицейлер олардың тиімділігін айтып, алғыс та жаудырған болатын. Бірақ прокурорлардың тексерісі, Ішкі істер департаментінің қуанышы ұзаққа бармағанын көрсетті. Қадағалаушы құзырлы орган камераларды енді Ішкі істер департаментінің еншісіне толығымен өткізу туралы ұсыныс жасауда.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының І- басқармасы басшысы:

Көбісі полиция пунктілеріне жалғанған болатын. Ол бойынша бұрын полиция қызметкерлері тиісті заң бұзушылықтарды анықтап, ол бойынша шара қолдану үшін орнатылған. Оның барлығы дегенмен де бүгін айтқандай ешқайсысы жұмыс істемейтіндігі анықталып отыр.

Прокурорлар өткен жылы бұл камераларды жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 9 жарым млн теңге бөлінгенін айтып отыр. «Бірақ көшелерде тұрғаны болмаса, құрылғылар тікелей міндетін атқаруға қауқарсыз күйде»- дейді. Бірақ жергілікті әкімдіктегілердің айтар өз уәжі бар. Олардың сөзінше, 80 камераның 10 шақтысы ғана қазіргі таңда жөндеуге жөнелтілген.  Қалғандары халық игілігіне қалтқысыз қызмет етіп тұрған көрінеді.

Аслан Махатов, Ақтөбе қалалық әкімі аппаратының бөлім басшысы:

Өткен кезеңде 621 хаттама толтырылған болатын. Бұл 2 млн 772 мың теңгеге. Және осы ағымдағы жылы, қазіргі уақытта 173 хаттама толтырылып, 792 мың 800 теңгеге айыппұл салынды.

Мансұр ЕСХОЖИН