Бүгін
- Халықаралық балалар күні. Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні
ретінде аталып өтіледі. Оны өткізу жөнінде шешім 1949-жылдың қараша айында
Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында
қабылданды. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін,
құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне
айналдырды. Қазақстанда да 1-маусым күні балаларға арналған көптеген мәдени
шаралар ұйымдастырылады. Мереке жалпыхалықтық деңгейде аталады. Ұлттар ұйымы
жүргізген сауалнамаға жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер
тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.
Тоғжан
ОСПАНБАЕВА