$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын қауымдастық құрылды

AstanaTV
01.06.2015ж. 20:00
2368
Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын қауымдастық құрылды

Қазақстанда балалар құқығын қорғайтын қауымдастық пайда болды. Ұйымның ресми атауы «Асыл бала» деп аталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Ана үйi» қоғамдық қорының атарушы директоры Балия Кенжеболатова мәлiмдедi.

Қауымдастық қызметі негізінен әлеуметтік-тәрбиелік жәрдемге бағытталмақ. Құрамында балалардың мүдделерін қорғау мәселелерімен талай жылдар бойы айналысып жүрген қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдары бар. «Асыл бала» қауымдастығы өкілдері: «Елімізде балалар құқығын қорғау бағытында сүбелі жұмыстар атқарылды, алайда әлем мен қоғам өзгеруде. Сондықтан да жеткіншектердің мүддесін қорғау әрдайым өзекті болып қала береді», - дейді. Қоғамдық ұйым болашақта балалар мүддесін қорғау саласында тиімдірек жұмыс істеу үшін, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға белсенді араласуды көздеп отыр.


Балия Кенжеболатова, «Ана үйi» қоғамдық қорының атарушы директоры:

Ұйымның басты мақсаты - қайырымдылық жасау, балаларға бiлiм беру, ақпараттық-құқықтық көмек көрсету. Сонымен қатар, оларға өнер, мәдениет және спорт саласында жетістікке жетуге жәрдемдесу.Қауымдастық құрамына үкiметтiк емес ұйымдар, коммерциялық және бейкоммерциялық құрылымдар кiреді. Бұл бағыттардың әрқайсысының өз кураторлары бар. Бiз мемлекетпен бiрге балалар құқығын қорғауға бағытталған жобалар құруға және жүзеге асыруға қатысуды көздеп отырмыз. 

Берік ХАСЕНОВ