$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Д.Қадырбаевты АҚШ соты 6 жылға бас бостандығынан айырды

AstanaTV
03.06.2015ж. 10:00
1511
Д.Қадырбаевты АҚШ соты 6 жылға бас бостандығынан айырды

АҚШ-та Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол 2013-жылы Бостон марафонында болған лаңкестікті тергеуге кедергі келтірді,- деп айыпталған. Бұл жайында «РИА Новости» хабарлайды. Сот процесі кезінде Диас Қадырбаев лаңкестік жасаған Джохар Царнаевты танитынын мойындаған. Сондай-ақ, ол Царнаевтың бөлмесіндегі заттарды сыртқа шығарып тастап, тергеуге кедергі келтіргенін де растап отыр. Сот отырысында, ол «мен өзімнің осыншама ақылсыз әрекетімді әлі түсіне алмай келемін, сондықтан зардап шеккен отбасы мұшелерінен кешірім сұраймын» деген. Бұған дейін прокурорлар судьядан Қадырбаевқа 7 жыл сұраған еді. Олардың айтуынша, Диас Царнаевтардың жоспарлаған лаңкестік әрекетін білмеуі мүмкін, бірақ оқиға болғаннан кейін күдіктілерге іздеу жарияланғанда, полицияға хабар бермегені заңға қайшы әрекет.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА