Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Міндетті медициналық сақтандырудың маңыздылығы

AstanaTV
03.06.2015ж. 20:00
1511
Міндетті медициналық сақтандырудың маңыздылығы

Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытында белгіленген «100 нақты қадам» бағдарламасы денсаулық сақтау саласына жаңа серпін бермек. Саяси құжат алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытып, міндетті медициналық сақтандыру мәселесін енгізуді көздейді, - дейді дәрігерлер.

Тұрғындар әдетте көлігін, дүние-мүлкін сақтандырып жатады. Бірақ, денсаулығына келгенде салғырттық танытады. Соның салдарынан дерті асқынып, дер кезінде айығуы қиынға соғады. Ал, міндетті медициналық сақтандыру енгізілсе, аурудың алдын алып, ертерек емделуге мүмкіндік туар еді.

Міндетті медициналық сақтандыру - дамыған елдердің тәжірибесі. Мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер. Осы 3 тарап үшін ортақ жауапкершілік - денсаулық. Игі бағдарлама жүзеге асып жатса, халық та өз денсаулығына бет бұрып, медицина саласы көш ілгері дами түсер еді, - дейді қостанайлық медицина саласының мамандары. 

Манарбек Ахметов, Қостанай қалалық № 3 емхананың бас дәрігері:

Ертерек емделу, курорт-санаторияларға жіберу жайында, сол бойынша алғанда сақтандыру мәселесі өте керек. Жаңағы бюджеттің жетіспей жатқан ақшалары сақтандыру жағынан да келеді ғой. Сонда халықтың қолжетімділігі артады. Және өздерінің денсаулығына қарау да арта түсер еді. 

Заңғар САНАЙ