Аргентина президенті Кристина Киршнер АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің
бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденмен жасырын кездескен. Бұл сәуір айында
Киршнердің Мәскеуге ресми сапары кезінде болғанға ұқсайды. Сноуденнің адвокаты
Энтони Ромероға сілтеме жасай отырып, Рейтерс агенттігі осыны хабарлады.
Экс-тыңшы Киршнерге аргентиналық саясаткерлер мен әскерилер де бақылауда
болғанын айтқан. Сондай-ақ, Сноуден Ұлыбританиядан бұйрық түскен соң, президент
ханымның өзі жайында да ақпар жинапты.
Дегенмен бұл кездесу шынымен орын алды
ма,жоқ па - ол жайында ешбір нақты дәлел жоқ. Айта өтейік, Кристина Киршнер
Ресейде 21-23 сәуір күндері болған. Ресми сапар кезінде бірқатар экономикалық
мәселелер талқыланды.
Қазір АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері
Мәскеуде тұрып жатыр. Оған үш жыл мерзімге саяси баспана берілді. Еске салайық,
Сноуден Америка Құрама Штаттарының тыңшылық әрекеттері жайында дүние жүзіне
жайып салған болатын.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА