$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Гана астанасы Аккрада жанар-жағармай бекетінде болған жарылыс құрбандарының саны 200-ден асты

AstanaTV
05.06.2015ж. 20:00
3802
Гана астанасы Аккрада жанар-жағармай бекетінде болған жарылыс құрбандарының саны 200-ден асты

Гана астанасы Аккрада жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылыс құрбандарының саны 200-ден асты. Гана басшысы Джон Драмани Махама қайғылы оқиғаға байланысты 3 күндік қаралы күн жариялады. Елдің ішкі істер ведомствосы оқиғаны ұлттық трагедия деп бағалап үлгерді. Жарылыстан зардап шеккендерге көмек үшін Гана билігі 15 млн доллар бөліп отыр.

Оқиға бейсенбі күні, нөсер жауыннан көпшіліктің бекет шатырын паналап тығылған сәтінде болған. Жойқын жарылыстың себептері әлі анықталған жоқ, алайда куәгерлер оқиғаны төгілген бензинмен байланыстырады. Бекеттегі отын жауын суымен жайылған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, жарақат алған 35 адам жергілікті ауруханада ем алып жатыр. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах