Бүгін - Мемлекеттік рәміздері
күні. Рәміздер, ол ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі болып
саналады. Әр мемлекеттің өзіне ғана тән туы, елтаңбасы, әнұраны бар. «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007-жылы
4-маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын маусымның төрті Қазақстанда
Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Айтып өтейік, көк байрағымыздың
авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Ал,
елтаңбамыздың авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман
Уәлиханов. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған, Қазақстанның
әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006-жылы 6-
қаңтарда Парламенте бекітілді. Бірінші рет ол сол жылы 11-қаңтарда Мемлекет
басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалған болатын. Музыкасы -
композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан
Назарбаевтікі.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА