Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

AstanaTV
04.06.2015ж. 10:00
1717
Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін - Мемлекеттік рәміздері күні. Рәміздер, ол ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі болып саналады. Әр мемлекеттің өзіне ғана тән туы, елтаңбасы, әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007-жылы 4-маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын маусымның төрті Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Айтып өтейік, көк байрағымыздың авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Ал, елтаңбамыздың авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған, Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006-жылы 6- қаңтарда Парламенте бекітілді. Бірінші рет ол сол жылы 11-қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалған болатын. Музыкасы - композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА