Биыл Кереку өңірінде шыбын-шіркей жылдағыдан әлдеқайда көп болып тұр.
«Бұған Ертіс өзенінде су көлемінің артуы себеп болған», - дейді мамандар. Ал
залалсыздандыру препараттарының мөлшері өткен жылдың деңгейінде қалған. Шамамен
40 тоннадай.Қазіргі ахуалды зерттеген ғалымдар бұл жеткіліксіз дейді.
Осы аптада шіркейлерді жоюдың екінші кезеңі жүргізілді. Ғалымдар Ертіс өзеніне
16 тоннадай арнайы препарат құюды жоспарлаған. Жұмыс тобының жетекшісі,
биология ғылымдарының докторы Қанат Ахметовтың сөзінше, шіркей - күн сайын
өсіп-көбейетін жәндік. Сондықтан, оларды улаудың да өзіндік тәртібі бар. Дер
кезінде препарат суға құйылмаса, бар еңбек зая кетеді. Бұл жерде
залалсыздандыруды жүргізетін уақыт та есептелген - 43 минут. Алғашқы кезең
мамыр айында өткізілді. Ол кезде суға 20 тонна биологиялық зат төгілген. Облыс
қазынасынан бұл науқанға 160 млн теңге бөлініпті.
Қанат Ахметов, биология ғылымдарының докторы:
Ертістің биылғы ерекшелігі -
судың екі есе көп болуы, былтырғы жылдарға қарағанда. Сол себепті біз ең саны
көп дернәсілдерді табамыз да уақытын, сол кезде препаратты суға құятын боламыз.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ