Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырау облысында «Бекіре-2015» балық қорғау науқаны аяқталды

AstanaTV
08.06.2015ж. 10:00
1535
Атырау облысында «Бекіре-2015» балық қорғау науқаны аяқталды

Тоғыз жүздей адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 144 қылмыстық іс қозғалды. Атырауда екі айға созылған «Бекіре-2015» балық қорғау акциясының қорытындысы осындай. Шараны қорытындылаған жиында, мамандар өткен жылмен салыстырғанда, «әкімшілік құқық бұзушылықтардың азаюы байқалғанын», - айтты. Сондай-ақ, құзырлы органдардың құрығына ілінген браконьерлердің барлығы жергілікті тұрғындар деп отыр. Олар Жайық өзені мен Каспий теңізінің рұқсат етілмеген бөліктеріне емін-еркін ау салып, құнды балықтар мен қара балықтарды заңсыз саудалаған. Айта кетейік, «Бекіре-2015» шара барысында шекарашылар балық қорғаушы басты мекеме - облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерін қара уылдырық пен қызыл балық алып бара жатқан жерінен ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Шараны қорытындылаған жиында инспекция өкілдері бұл туралы жақ ашпады.

Олег Тушканов, Атырау облысы аумақтық орман және шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

Заң бұзғандардан 33 тоннадан астам балық, оның ішінде 3 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, 20 келі қара уылдырық, 1200-ден астам балық аулауға қажетті құрал және 185 суда жүзуге арналған құрал-жабдық алынды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ