$487.24 €529.34 ₽5.02
×

«Үлкен жетілік» Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға келісті

AstanaTV
08.06.2015ж. 13:00
1829
«Үлкен жетілік» Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға келісті

Шетел жаңалықтарына ойыссақ. G7 саммитінде, үлкен жетілік елдерінің көшбасшылары Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға уағдаласты. Бұл тақырып саммиттің алғашқы күнінде талқыланып, бірден қолдау тапты деп хабарлайды «РИА Новости». Құрамында Германия, АҚШ, Канада, Франция, Италия, Жапония және Ұлыбритания бар жетілік, осы күндері Бавария қаласында бас қосуда. Ресей бұл топқа 1998-жылы қабылданған.Ұйым «Үлкен сегіздік» аталатын, бірақ 2014-жылдан бастап шығарылып, аталған топ «жетілікке» айналды. Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель Ресейдің G7 саммитіне қатысуы мүмкін емес, - деп мәлімдеген. Сонымен қатар, ол Ресейді әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіруші санатына жатқызды. Бірақ ресми Мәскеу Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайға қатысымыз жоқ, - деп азарда-безер. Ресей сондай - ақ Украинаның саяси-экономикалық дағдарыстан шығуына тілектес екенін бірнеше рет қайталаумен келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ