Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Франция қаржы министрі - Грекия ЕО-тан шықса, бұл мемлекет үшін «ең жойқын апатпен» тең

AstanaTV
08.06.2015ж. 13:00
1416
Франция қаржы министрі - Грекия ЕО-тан шықса, бұл мемлекет үшін «ең жойқын апатпен» тең

Егер Грекия Еуропалық Одақ құрамынан шықса, бұл мемлекет үшін «ең жойқын апатпен» тең болар еді. Дегенмен, Еуроодаққа мүше өзге мемлекеттерге салмақ түспейді. Франция қаржы министрі Мишель Сапен «France Enter» радиосына сұхбат беріп, осындай ойын жеткізді деп жазады «Рейтерс». Ол, аталмыш сценарий шынымен жүзеге асса, Еуроодақтың қаржылық қиындыққа тап болмайтынын да баса айтты. Өйткені, соңғы уақыттағы қаржы дағдарысы кезінде Еуропа өзін сақтандыру механизмдерін ойлап тапқан сыңайлы. Дегенмен, министр Грекияның Одақтан шығуын аса құптап отырған жоқ. Ол «Грекия үкіметі де Одақтағы өз орнын сақтап қалғысы келеді», - дейді.  

Мишель Сапен, Франция қаржы министрі:

Грекия үшін бұл қадам қайғылы болмақ. Мен ең әуелі Грекия халқын уайымдаймын. Ел үкіметі көптеген қателіктерге бой алдырды. Тек соңғы бес жыл ішінде бұл мемлекет қазынасының төрттен бір бөлігін жоғалтып алды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА