$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Мейіржан Өндіргеновтың үйі мен жұмыс орнын тінту кезінде миллиондаған ақша табылды

AstanaTV
09.06.2015ж. 13:00
1343
 Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Мейіржан Өндіргеновтың үйі мен жұмыс орнын тінту кезінде миллиондаған ақша табылды

 Қамауда отырған Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Мейіржан Өндіргеновтің үйі мен жұмыс орнын тексеру кезінде миллиондаған түрлі валюта табылған. Облыстық соттың шешімімен, депутаттың тексеру барысында анықталған қаражаты мен жылжымайтын мүлігіне тыйым салынды. Бұл жайында соттың баспасөз хатшысы айтты. Еске салсақ, Мейіржан Өндіргенов облыстық маслихаттың депутаты, «Автопарк» ЖШС директоры. Ол 30-мамырда, үлкен көлемде қаражат бопсалады, - деген күдікпен 2 айға қамалған болатын. Оның үстінен Ішкі істер органдарына бұрынғы әріптесі шағымданған. Депутаттың баспанасы мен жұмыс орнынан 141 миллион 875 мың 235 теңге, 6 миллион 248 мың 23 АҚШ доллары, 1 миллион 822 мың 505 евро, 326 мың 300 Ресей рублі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің 220 дирхамы, 8 Украиналық гривні тәркіленген. Сонымен қатар облыс орталығындағы пәтері мен Шалқар қаласындағы жер учаскесі, қоғамдық-іскерлік мекемесіне тыйым салынды. Тергеу бұл табылған сомалардың қандай жолмен келгендігін анықтамақ.

Гүлзия Мақсатқызы, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысы:

Бұл айыпталған күдікті аталған баптар бойынша сотталған уақытта барлық ақша қаражаты мемлекеттің пайдасына тәркіленуі мүмкін.

Мансұр ЕСХОЖИН