Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жекешелендірудің екінші толқынында біршама жеңілдіктер қарастырылған

AstanaTV
09.06.2015ж. 20:00
1139
Жекешелендірудің екінші толқынында біршама жеңілдіктер қарастырылған

Жекешелендірудің екінші толқыны басталғалы бері 55 миллиард теңге көлемінде табыс түсті. Осындай мәліметті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ыбырайымов келтірді. Айтуынша, осы қаражаттың 860 миллионы республикалық бюджетке аударылса, 2,9 миллиард теңге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың есеп-шоттарына, ал басым бөлігі, яғни 50,7 млрд теңгесі, холдингтердің есеп-шоттарына түскен.

Жалпы, 2014-2015 жылдары 496 нысанды сату жоспарланыпты. Оның 313-і саудаға шығарылып, 173 нысан ғана сатылса керек. Ал, қалған 180 нысан жылдың соңына дейін сатылмақ, деді Ыбырайымов, жекешелендірудің бір жылдық жұмысын қортындылай келе. Сондай-ақ ол осы жылдан бастап мүлікті жекешелендіруде бірқатар жеңілдіктер енгізілгенін де айтты.

Ғалымжан Ыбырайымов, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары:

Аукцион қадамын көбейту арқылы, Голланд әдісімен аукцион әдісі біршама қолжетімді бола түсті. Екінші кепілді жарна мөлшері азайтылды. Оның ең жоғарғы шегі 20 мың АЕК дейін төмендеді. Немесе 60 миллион теңгеге дейін белгіленді. Сауда-саттыққа тіркеу уақыты ұзартылды. Енді өтінімдерді қабылдау мерзімі сауда-саттыққа дейін 2 сағат бұрын аяқталады. Бұрын 72 сағат болатын. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА