$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Астанада «Жас Ұлан» республикалық мектебінің 75 түлегіне аттестат табысталды

AstanaTV
09.06.2015ж. 20:00
2130
Астанада «Жас Ұлан» республикалық мектебінің 75 түлегіне аттестат табысталды

Астанада «Жас Ұлан» республикалық мектебінің түлектеріне аттестат табысталды. Салтанатты рәсім «Отан қорғаушылар» алаңында өтті. Биыл әскери мектепті 75 шәкірт бітірді. Ұландардың Бірыңғай ұлттық тестілеудегі орташа балл көрсеткіші - 80 балл. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 позицияға жоғары.

Үздік нәтижеге қол жеткізген түлектер мен болашақ офицерлерді қошеметтеу шарасына Қорғаныс министрлігі өкілдері, Құрметті қарауылдың парадтық ротасы және Отан соғысының жетпіс жылдығына арналған шеруде өнер көрсеткен кіші сыныптың ұландары қатысты.

Жұрағат БАМАН



}