$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Велоспорттан «Критериум Дофине» жарысы жалғасуда

AstanaTV
09.06.2015ж. 20:00
1142
Велоспорттан «Критериум Дофине» жарысы жалғасуда

Жақында футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу жарыстары жанданады. 12 маусым күні Қазақстанның ұлттық құрамасы Түркия командасын қабылдайды. Аталған жекпе-жек алдында Болгария футболшыларымен жолдастық кездесу өткізген Фатих Терімнің шәкірттері 4-0 есебімен басым түсті. Спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғастырады.

Велоспорттан «Критериум Дофине» жарысы жалғасуда. Ле Бурже дю Лак және Виллар ле Домб қалаларының арасында өткен екінші кезеңде Франция спортшысы Насер Буани топ жарды. 173 шақырымнан тұратын жазық жолды «Кофидис» командасының өкілі 4 сағат 12 минутта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен оның отандасы Самуэль Дюмолин екінші орынға жайғасса, үшінші сатыны италиялық Саша Модоло еншіледі. «Астана» командасының спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады. Жалпы есепте "Скай" клубының спортшысы Питер Кенно көш басында. Одан 2 секундқа қалып тұрған Саша Модоло екінші сатыға көтерілді. Үшінші орын Насер Буаниге бұйырды. «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали екі кезеңнен кейін 32-ші орыннан көрінді. Ол көшбасшыға небәрі 12 секунд уақыт ұтылып келеді. Өткен жалы «Тур де Франс» марафонында жеңімпаз атанған Нибали биылда сол жетістігін қайталауға тырысады.



«Стэнли» кубогының финалында сынға түсіп жатқан «Тампа Бей» командасы тағы да үздік шықты. Өз алаңында өткен екінші ойында 4-3 есебімен үздік шыққан Джон Купердің шәкірттері енді Чикаго қаласында өткен үшінші ойында да 3-2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде алма-кезек шабуылға шыққан командалар алғашқы үзіліске 1-1 есебімен кетті. Айдын иелері сапында Брэд Ричардс мергендігімен танылса, қонақтар тарапынан Райан Кэллахан мүлт кетпеді. Екінші кезеңде есеп ашылмағанына қарамастан, соңғы үзілістен тынығып шыққан Чикаго клубы есепті еселеді. Голдың авторы - Брэндон Саад. Бірақ айдын иелерінің қуанышы көпке созылмады. Қарымта шабуылға шыққан «Тампа Бей» хоккейшілері қатарынан екі шайбамен жауап қайтарды. Алдымен Ондржей Палат есепті теңестірсе, келесі сәтте Седрик Пакет «Чикаго» командасының қақпасына жеңіс шайбасын соғып, есепті қорытындылады. 

Самат ҚАНАҒАТОВ