$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Ақтауда ауыз су мәселесі бірте-бірте шешіліп келеді

AstanaTV
12.06.2015ж. 10:00
1552
Ақтауда ауыз су мәселесі бірте-бірте шешіліп келеді

Ақтауда ауыз су мәселесі бірте-бірте шешімін тауып келеді. Жуырда халықты таза сумен қамтамасыз ететін тағы бір құбыр іске қосылды. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 480 миллион теңге бөлінді. Сыйымдылығы 4 текше метрді құрайтын екі бірдей ыдыстан су насостарының көмегімен тіршілік нәрі облыс орталығының жаңа шағын аудандарына көтеріледі. Бұл  аудандардың тұрғындары көптен бері ауыз судың тапшылығына шағымданып келген болатын. Кейбір пәтерлерге ол тіпті жетпейді де, өйткені құбырлардағы қысым өте төмен.

Аркадий Демидович, "Каспий жылу, су арнасы" МКК бас инженерінің орынбасары:

Бұл құбырдан жоғарғы шағын аудандарға су жіберіледі. Қазіргі уақытта сағатына 300 текше метр ауыз су тасымалдануда. Соңғы жылдары жаңа нысандар іске қосылғандықтан ауыз су бәріне бірдей жетпей жатыр. Сондықтан орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесін салуға шешім қабылданды.

Самат ҚАНАҒАТОВ 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах