$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қостанай облысы Торғай атырабында ірі қара малдың жаппай қырылуына киіктерге келген кеселдің қатысы жоқ

AstanaTV
12.06.2015ж. 20:00
2183
Қостанай облысы Торғай атырабында ірі қара малдың жаппай қырылуына киіктерге келген кеселдің қатысы жоқ

Қостанай облысы Торғай атырабында ірі қара малдың жаппай қырылуына киіктерге келген кеселдің қатысы жоқ. Үй жануарларына ешқандай жұқпалы індет тимеген. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының өкілдері мәлімдеді. Мамандар Жангелдин ауданындағы 4 шаруашылықтан зертхана материалдарын жинаған. Сараптама нәтижесі өлген малда «сібір жарасы, қарасан, пастереллез» сынды қауіпті аурулардың жоқ екенін көрсетті. 

Қазір аймақта ірі қара мал арасындағы өлім-жітім тиылды, қажетті санитарлық шаралар қолданылып жатыр. Еске сала кетейік, облыста арнайы құрылған комиссия көктемнен бері Жангелдин ауданы аумағында 58 бас тана-торпақтың арам өлгенін анықтаған болатын.  Ветеринарлар оның 8-інен сынама алды.

Бауыржан Бекетов, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Енді қалған 4 сынама бар, солардың нәтижесін күтіп отырмыз, біздің ойымызша, әуелде айтылғандай, малдың арасында өлім-жітім болу себебі биылғы қыс аяғының ұзап кетуіне байланысты. Сосын жауын-шашын көп болды биыл. 

Заңғар САНАЙ