$488.45 €529.19 ₽5.04
×

2014 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебін бүгін Парламенттің жоғарғы палатасы депуттатары тыңдады

AstanaTV
15.06.2015ж. 13:00
1100
2014 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебін бүгін Парламенттің жоғарғы палатасы депуттатары тыңдады

2014 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебін бүгін Парламенттің жоғарғы палатасы депуттатары тыңдады. Бюджеттің шығыс бөлігін толық көлемде игермеген үкіметке сенаторлар да бірталай сын айтты. Әдетте, байсалды болатын сенаторлар бюджеттің орындалуын қарауға келгенде белсенділік танытады. Сенаторлар «бюджетті сапасыз жасақтау» сөзі Үкіметке қатысты жылда айтылатынын алға тартты. Әсіресе, өздеріне бөлінген қаржыны толық игермей отырғандығы аздай, елдің сыртқы қарызын арттырып отырған квазимемлекеттік органдарды сынға алды. Баяндама жасаған Есеп комитетінің төрағасы да республикалық бюджет қаражатының жыл сайын сапасыз жоспарланатынын қайталаудан шаршамады.

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР Есеп комитетінің төрағасы:

Жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша олардың сандық мәндері көрсетілмеген. Нәтижесінде, жоспарланған іс-шаралар іске асырылмауде немесе бюджет және өзге де заңнама заң бұзушылықтармен орындалуда. Екі мемлекеттік және 15 салалық бағдарламаның іске асырылуын бағалау кезінде жоспарланған индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізілмеу фактілері, 127,7 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. 56 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Сенаторлар бюджеттің бір бөлігі жыл сайын игерілмей қалатыны қоғамды да алаңдатып отырғандығын айтты. Қуаныш Айтахановтың мәліметінше, өткен жылғы бюджетке бір айда екі рет өзгерістер мен түзетулер еңгізілген. Барлығы 24 мәрте түзелген, бірақ сонда да игерілмеген қаржы қалды, - деп қапаланды депутат.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл республикалық бюджеттің шығысын жоспарлауда халықтың жан басына қарай қаржыландырылу қағидаттарының сақталмайтындығын, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халқының саны тығыздығы, табысы, кедейшілік деңгейінің ескертілмегендігін көрсетеді.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Ал сенатор Нұрлан Оразалин бюджеттен отандық ақпарат құралдарына және елімізде тарайтын ресейлік телеарналар қызметіне бөлінетін қаржы көлемін білгісі келген еді. Бірақ, Мәдениет және спорт министрі бұл сұраққа жеке жауап беруге уәде берді. Журналистер арасында түсініспеушілік туындап кетеді, - деп алаңдады министр. Сынауын сынап, бюджеттің шығыс бөлігінен 32 млрд теңгенін игерілмегенін қайталаса да, сөз соңында депутаттар әдеттегідей ауызбіршілік танытты. Сөйтіп, Үкімет пен Есеп комитетінің есебін мақұлдады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ