Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық клиникалар түрік орталықтарымен меморандум жасасты

AstanaTV
15.06.2015ж. 20:00
1499
Қазақстандық клиникалар түрік орталықтарымен меморандум жасасты

300 мың доллар кемінде 6 қазақстандық науқасқа жаңа өмір сыйлайды. Биылғы жылдың көктемінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Милосердие» қайырымдылық қорына 300 мың доллар көлемінде қаражат бөлген еді. Қор өкілдері бұл ақшаны тиімді жарата бастады. Қытай ауруханаларында екі бірдей бүлдіршінге аса күрделі операция жасатқан, қазір Түркияда тағы бір науқас айығып, аяғынан тұрды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай жомарттығына тәнті болған түркиялық дәрігерлер де қайырымдылыққа бел буып отыр. Мұны жүзеге асыру үшін қазақстандық «Милосердие» қайырымдылық қорымен бірлескен меморандумға да қол қойды. Түркиядан Илхам Ибрагим хабарлайды.

Илхам Ибрагим, тілші:

Соңғы кездері Түркия қазақстандық науқастар үшін жай ғана шет мемелекет емес, екінші өмір сыйлаған елге айналып барады. Өйткені отандық медицина қауқарсыз болған кезде, науқастарды Түркияға жіберу қолға алынған. Мойындау керек, мұнда медицина техника жағынан да, басқа жағынан да дамыған, бірақ қазақстандағы сияқты тегін жатқан батпаң құйрық жоқ. Яғни жоғары сапалы ем алғың келсе, жоқ дегенде 20-30 мың доллар қаражат шығаруың керек. Енді түрік бауырлар жеңілдік жасауға дайынбыз деп отыр.

Жақсылық Үсеновты ойнап жүргенде ит талап тастаған. Бұл оқиғадан соң жағы сынып, мұрнынан айырылған. Тыныстауы қиын. Түрік дәрігерлері аса ауыр операция арқылы оның мұрнын ашты. Аяғынан сүйек алып, мұрын жасады.

Гүлбану Үсенова, Астана қаласының тұрғыны:

Әдемі, мұрынды көрдім. Нағыз еркектің мұрны. Мынадай құлаштай. Әйтпесе былай жабысып жатқан, былай мұрын жоқ.

Жақсылық Үсенов:

Сделали операцию на нос, но кончик не доделали. Следующая операция будет на глаз, и с уха возьмут кончики и сделают сюда.

Илхам Ибрагим, тілші:

Айтпақшы, биылғы жылдың наурызында Елбасы «Жібек Жолының» бейбітшілік сыйлығын алып, оның қаржылай сыйақысының бір бөлігін Аружан Саин жетекшілік ететін қорға бөлген еді. Аз емес - 300 мың доллар көлеміндегі қаражат. Дәл осы ақшаға қор өкілдері кемінде 6 баланы емдеп, аяққа тұрғызбақшы.

Оның бірәзі Түркияда ем алады. Сол ақшаның шарапатын көргеннің бірі - Вероника Козлованың туғаннан омыртқасы қисық болған. Мұнда дәрігерлер омыртқаны түзетті. Белін тік ұстап жүре бастады. Жанын шырқырататын ауруы да қойған.

- Сейчас хорошо? Раньше как было?  

Вероника Козлова:

Раньше спина болела очень сильно. Сейчас уже не болит.

Метин Қаратай, дәрігер-нейрохирург:

Науқастың омыртқасындағы ақауын бала 6 жасқа толғанда бір-ақ білген. Сосын тағы 6 жыл жүріп алған. Егер 6 жасында жасалғанда, оның белі 100 пайызға түзу болушы еді. Қазір аздап қисығы қалды, бірақ бұрынғыдан едәуір жақсы.

Меморандум аясында мұндай оперциялар тұрақты түрде жасалып тұрады. Тіпті бүгін «Милосердие» қоры бірнеше клиникамен келіссөзге келді. Оның аясында мұнда қазақстандық балаларға тегін де операциялар жасалмақ. Түркия дәрігерлері, Президенттеріңіз 300 мың доллар қаражатты қалтасынан шығарып, балалардың денсаулығы үшін жомартып жатқанда, бізге неге қайырымдылық жасамасқа деп, осындай шешім қабылдады.

Илхам ИБРАГИМ 


Алдыңғы жаңалық