Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлыбританиядағы сайлауда Консервативтік партия жеңісінен кейін Лондондағы тұрғын-үй бағасы рекордтық деңгейге жетті

AstanaTV
16.06.2015ж. 10:00
1219
Ұлыбританиядағы  сайлауда Консервативтік партия жеңісінен кейін Лондондағы тұрғын-үй бағасы рекордтық деңгейге жетті

Ұлыбританиядағы Парламент сайлауында Консервативтік партия жеңісінен кейін Лондондағы тұрғын-үй бағасы рекордтық деңгейге жетті,- деп жазады Bloomberg агенттігі. Әсіресе, өсім Британия астанасының ең қымбат аудандарында байқалған. Қазір Лондонда бір пәтердің құны 930 мың АҚШ долларын құрайды. Ал, Кенсингтон мен Челсидегі баспана бағасы 25 пайызға көтерілген. Жалпы ел көлемінде тұрғын-үй 3 пайызға қымбаттап, орташа баға 294 мың 351 фунтқа жетті. Homelet компаниясының ақпарынша, Лондонда пәтер жалдау құны да қымбаттады. Басқа өңірлермен салыстырғанда, көрсеткіш екі есе артық. 7-мамырда өткен Парламент сайлауындағы премьер-министр Дэвид Камеронның жеңісі жылжымайтын мүлікке салынатын жаңа салық жайлы алып-қашпа әңгімені сейілтті. Сайлаудан кейін Лондонда сатылымға қойылған тұрғын-үй құны 2 млн фунттан бірден екі есе артқан.

Әсем МҰХИТОВА