$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Лондондағы теракт салдарынан көз жұмғандардың саны 4 адамға жетті

AstanaTV
24.03.2017ж. 20:00
2572
Лондондағы теракт салдарынан көз жұмғандардың саны 4 адамға жетті

Лондондағы терактіден көз жұмғандардың саны 4 адамға жетті. "Рейтерс" агенттігінің хабарлауынша, жарақат алғандардың бірі ауруханада көз жұмған.

Жалпы терактіден 30-ға жуық адам зардап шеккен еді. Қазір құзырлы орындар түбегейлі тексеріс үстінде. Британиялық полицейлер осы іске қатысы болуы мүмкін деген тағы да екі күдіктіні қолға түсірді. Скотленд-Ярд ақпаратынша, қазір тергеудегілердің саны 9 адамға жеткен.

Естеріңізге салсам, оқиға сәрсенбі күні Лондон қаласындағы вестминистер көпірінде болған еді. Көлік тізгіндеген лаңкес көшедегі адамдардың бір тобымен 3 бірдей полицейді қағып-соғып, артынша Британия парламенті ғимаратының алдында полицейге пышақпен ұмтылып, палатаға кірмек болады. Қылмыскердің діттегені орындалмай, ол сол жерде жергілікті полицейлер атқан оққа ұшқан еді.  

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ