Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Германияның Галле қаласында теннистен халықаралық турнир басталды

AstanaTV
16.06.2015ж. 20:00
1088
Германияның Галле қаласында теннистен халықаралық турнир басталды

Германияның Галле қаласында теннистен халықаралық турнир басталды. Дәрежелі жарысқа қатысып жатқан швейцариялық Роджер Федерер екінші кезеңге жолдама алды. Бірінші айналымда Федерер Германия теннисшісі Филипп Кольшрайбермен сынға түсті. Бірінші сет тартысты өтті. Екі спортшы да аянып қалмай, жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды. Бұл бәсекеде жолы болған Швейцария спортшысы бірінші сетті өз пайдасына шешті. Үзілістен кейін тез жиналған Филипп Кольшрайбер ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде Федерер жеңіске ерте сенді ме, әлде қарсыласын бағаламады ма, әйтеуір, кортта сылбыр қимылдады. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейтін алаң иесі 6-3 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді. Үшінші сетте екі спортшы жеңіс үшін барын салды. Бір-бірінің шабуылына лайықты жауап бере білген спортшылар кездесу жеңімпазын тағы да тай-брейкте анықтады. Бұл жолы да сауатты ойын көрсеткен Роджер Федерер қарсыласының алдын орап кетті. Екінші айналымда швейцария спортшысы Эрнест Гулбис және Сергей Стаховский кездесуінің жеңімпазымен кортқа шығады.



Ұлттық хоккей лигасында сынға түсіп жатқан «Чикаго» командасы «Стэнли» кубогынын ұтып алды. Финалда «Тампа Бей» клубымен сынға түкен Джоэль Кенневилльдің шәкірттері 6 кездесу қорытындысы бойынша 4-2 есебімен жеңіске жетті. «Юнайтед-центр» спорт кешенінде өткен соңғы ойында айдын иелері 2-0 есебімен басым түсті. Бұл кездесудегі алғашқы шайбаны «Чикаго» клубының сапында Данкан Кит соқты.

Бұл шайбадан кейін шабыттанған алаң иелері үшінші кезеңде есепті еселеді. Брэд Ричардстан пас алған Патрик Кейн мергендігімен танылып, есепті қорытындылады. Сонымен, «Чикаго» командасы клуб тарихындағы алтыншы «Стэнли» кубогының иегері атанды.  


Самат ҚАНАҒАТОВ