$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Жол сақшылары скутер жүргізушілерін бақылауға алды

AstanaTV
17.06.2015ж. 10:00
968
Жол сақшылары скутер жүргізушілерін бақылауға алды

Петропавлдық полицейлер үш айда мопед жүргізушілеріне 300 мың теңгеге жуық айыппұл салды. Олар жүргізуші куәлігі, көлікті тіркеу құжаты мен арнайы бас киімдері болмағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Еске салайық, өткен жылдың қазан айынан бастап күшіне енген жаңа ережеге сай, кез келген мотокөлікті А1 санатты жүргізуші куәлігі барлар ғана басқара алады. Мұндай куәлік 16 жасқа толғандарға беріледі. Полицейлер осыдан соң мопедпен құйындататын жасөспірімдердің едәуір азайғанын айтып отыр. Өткен жазда олар қаладағы түрлі жол көлік оқиғаларына себепші болған еді. Дегенмен, жүргізуші куәлігін алуға асықпайтындар да көп кездеседі. Сондықтан халық арасында «айлақ» деп аталатын айыппұл тұрағында мопед пен байктердің саны артуда. Айта кетейік, жаз басталғалы бері Петропавлда мопедистерге қатысты 3 жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам ауыр жарақат алған.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

Егер А1 санатындағы жүргізуші куәлігі болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасының 612 бабына сәйкес, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал мотокөлік тіркелмеген жағдайда тағы да айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Біз күн сайын шаралар ұйымдастырып отырмыз. Қазір арнайы айыппұл тұрағына алпыстан астам мотокөлік қойылды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах